Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Премьер-министрін ұлттық мерекесімен құттықтады

 Ақорда Бүгiн 2026, 16:07
Бүгiн 2026, 16:07
54
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 
 
Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.

Наверх