Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия президентін құттықтады

Мемлекет басшысы құттықтау хатында Қазақстан мен Хорватия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

 Ақорда Бүгiн 2026, 19:01
Бүгiн 2026, 19:01
196
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал хорват халқына құт-береке тіледі.

Наверх