Қасым-Жомарт Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады

29 Қыркүйек 2023, 01:30
719
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде қаржылық сақтандыру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу және оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Euler Hermes агенттігінің Қазақстан үшін маңызды серіктес екеніне назар аударды. Компания кредитті сақтандыру ісінде жаһандық көшбасшы саналады және кешенді қаржылық шешімдер жасайтын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – Allianz Group тобының құрамына кіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан даму банкі мен Helaba банкі арасында Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді. Аталған келісімге сәйкес AltynAlmas Reagents компаниясының цианид натрий өндіретін химиялық зауытының құрылысына 100 миллион евроға дейін қаржы бөлу қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы