Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды

23 Сәуір 2022, 12:13
1709
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты. 

Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. 

Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек. Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еріктілер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіретіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. 

Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті. 

Өзгелердің жаңалығы