Қасым-Жомарт Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді

1 Наурыз 2024, 12:30
358
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев  Бектеновке бірқатар тапсырма берді
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Бектеновке бірқатар тапсырма берді

Премьер-Министр:

еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады;
отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді: 
қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған;
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.
заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы