"Қасіретті қаңтар": Оқиға орнынан көптеген айғақ пен қылмыс іздері алынды

16 Қаңтар 2022, 21:10
1616
Бөлісу:
"Қасіретті қаңтар": Оқиға орнынан көптеген айғақ пен қылмыс іздері алынды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаладағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген 249 адам сот санкциясымен қамауға алынған.

Бүлік кезінде қалада 2 мыңға жуық нысан зардап шекті. Бизнес нысандарды тезірек қалпына келтіру қажеттігін түсінеміз, сондықтан тергеушілер оларды тексеруге басымдық береді. Алдағы күндері барлық жұмыстарды аяқтаймыз,-деді прокурор.

Сонымен қатар ол оқиға орнынан көптеген айғақтар мен қылмыс іздері алынғанын жеткізді.

Мысалы, бандиттердің киімі, бейнежазбалар, қылмыс құралдары. Оның ішінде 127 қару-жарақ алынды. Прокурорлар қылмыстың барлық процесінде азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен құқыққорғау ұйымдарының өкілдері және адвокаттармен жұмыс өзара тығыз байланыста жүргізіледі. Күдіктілерді ұстау жағдайын тәуелсіз бағалау үшін оларға тергеу изоляторына кіруге мүмкіндік берілді. Қылмыстан зардап шеккен азаматтарды уақытылы тануға ерекше назар аударылды. Бұл өтемақы алу үшін маңызды,-деді прокурор.

Өзгелердің жаңалығы