«Қасіретті қаңтар». Бас прокуратура 9 213 әкімшілік іс қарады

22 Қаңтар 2022, 16:54
1654
Бөлісу:
«Қасіретті қаңтар». Бас прокуратура 9 213 әкімшілік іс қарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, билікті асыра қолдану бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Республика бойынша осындай 16 қылмыстық іс басталды. Осының алдында арнайы орган мен құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне жедел шара қолдану мақсатында еліміздің барлық өңірінде арнайы мобильдік топтар құрылғанын хабарлаған болатынбыз. Осы орайда Бас прокуратура мен облыстық прокуратура сайттарында сенім телеффондары жарияланды, - деді Елдос Қилымжанов. 

Оның айтуынша, Президенттің ауырлататын жағдайлар болмағанда жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыстар атқарылды. 

Жалпы соттар қаңтардағы оқиғалар бойынша 9 213 әкімшілік іс қарады. Соттар шын ниетпен және жеңілдетілген мән-жайлардың болуын ескеріп 4 261 адамға қатысты ескерту жасады. Прокурордың хаттамаларымен 1 083 адам қамаудан босатылып, 450 айыппұл ескертуге ауыстырылды. 386 әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына қатысты толық босатылды. Қазір 368 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1 245 тұлғаға қатысты айыппұл салынды,- деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы