Қашықтан оқыту: IV тоқсанда жиынтық бағалау қалай жүргізіледі?

27 Сәуір 2020, 15:16
2737
Бөлісу:
Қашықтан оқыту: IV тоқсанда жиынтық бағалау қалай жүргізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова онлайн конференция барысында оқу жылының IV тоқсанында бөлім бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін айтты. 

Қашықтан оқыту жүйесінің IV тоқсанының 3-аптасы аяқталды. Осы тоқсандағы негізгі мәселенің бірі - қашықтан оқу жағдайында жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізу. 1-10-сыныптарда апталық жүктемесі екі және одан артық сағаттар болатын пәндер бойынша бір жиынтық бағалау жұмысы болады. Яғни, бір тоқсандық БЖБ және ТЖБ деп аталады. Оқу жүктемесі аптасына бір сағат құрайтын оқу пәндері бойынша бір БЖБ болады. Жаңартылған білім беру бағдарламасына әлі көшпегенін барлығымыз білеміз. 11-сыныпта бақылау жұмысы болады. Бір бақылаудың нәтижесінде қорытындылатын болады, - деді спикер. 
Сонымен қатар, Майра Мелдебекова БЖБ мен ТЖБ-ның өтетін мерзіміне тоқталды. 
БЖБ өткізу мерзімі аптасына екі және одан артық сағат құрайтын оқу пәндері бойынша 4-11 мамыр аралығында өтеді. Ал аптасына бір сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 11- 15 мамыр аралығында өтеді. Сонымен қатар, 1-11 сыныптарда тоқсандық бақылау, 11 сыныптарда бақылау жұмысы 18-22 мамыр аралығында өтеді. Жалпы БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының барлығын мұғалімдер өздері өткен тақырыптар бойынша дайындайтын болады. Әрбір оқу пәні бойынша 1-10-сыныптарда жүргізілетін жиынтық бақылаудың кестесі әрбір білім беру ұйымымен жеке дайындалатын болады, - деді комитет төрағасы. 
Іс-шара барысында Майра Мелдебекова жалпы БЖБ-ның өткізілу уақытын 20 минут, ал ТЖБ-ның уақытын 40 минутқа созылатынын айтты.

Айта кеткен жөн, 1-4-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай, технологияларды әлі толық меңгеруінде қиындық туындап жатқандықтан, жиынтық бағалау жұмысының уақыты шектелмейді.
Өзгелердің жаңалығы