245 млрд теңге мөлшерінде қаржылық ереже бұзушылық анықталды – Смайылов

10 Ақпан 2020, 11:47
1615
Бөлісу:
245 млрд теңге мөлшерінде қаржылық ереже бұзушылық анықталды – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы мемлекеттік ішкі аудит комитеті 245 млрд теңге мөлшерінде қаржылық ереже бұзушылықты анықтаған. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

2015 жылы "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" негізгі заңның қабылдануы Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит жүйесін құруға бастама болды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сертификатталған қызметкерлері 2017 жылдан бастап, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қабылдаған жаңа стандарттар бойынша мемлекеттік аудитті толыққанды іске асыруға кірісті. Депутаттық корпуспен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2018 жылы заңнамалық база жетілдірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік аудиттің одан әрі дамуына түрткі болды. Түзетулер пакеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді күшейтуге, мемлекеттік аудиторлардың кадрлық потенциалын арттыруға және электрондық аудитке көшуге мүмкіндік берді, - дейді Әлихан Смайылов Мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, былтырғы жылы ішкі мемлекеттік ішкі аудит комитеті 245 млрд теңге мөлшерінде қаржылық ереже бұзушылықты анықтаған. Бұл 
жалпы ереже бұзудың 39%-ын құрайды.  

Талдау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтардың негізгі бөлігі бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібіне (77%) байланысты. Одан бөлек, басқа ағымдағы шығындарды жоспарлауда және пайдалануда бюджет қаражатын асыра пайдаланумен (12%) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқаруға (4%) қатысты, - дейді қаржы министрі.

Өзгелердің жаңалығы