Қаржы пирамидасы. Жәбірленушілерге 36 млн теңге қайтарылды

7 Маусым 2023, 11:52
976
Бөлісу:
Қаржы пирамидасы. Жәбірленушілерге 36 млн теңге қайтарылды
Фото: Артём Чурсинов Архив

Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.

30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды.

Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы