Қаржы пирамидасы: Қазақстаннан қашып кеткен азамат ұсталды

17 Маусым 2020, 18:42
1509
Бөлісу:
Қаржы пирамидасы: Қазақстаннан қашып кеткен азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер Қазақстаннан қашып кеткен қаржы пирамидалары туралы істің өкілін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда қазақстандық полицияның сұранысы бойынша Мәскеуде 29 жастағы С. Фролов есімді азамат ұсталып, тергеу изоляторына орналастырылды. Күдікті Фролов "Гарант-24", "Тиімді қарыз" және "Estate Lombard" қаржы пирамидаларының ісі бойынша салымшылардан қаражат ұрлағаны үшін халықаралық іздеуде болған еді. 

Бұған дейін азаматқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай тағайындады. Қазақстан мен Ресей полицейлерінің өзара іс-қимылының арқасында, С. Фролов біздің елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта іс бойынша 15 мыңнан астам жәбірленуші анықталды, шығын көлемі 20 миллиард теңгеден асты, – деп хабарлады ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов. 

Қылмыстық істі Ақтөбе қаласындағы ІІМ арнайы жедел-тергеу тобы тергеуде.

Өзгелердің жаңалығы