Қаржы мониторингі Бишімбаевтар әулетінің мүлкін тексере ме

22 Мамыр 2024, 12:20
1654
Бөлісу:
Қаржы мониторингі Бишімбаевтар әулетінің мүлкін тексере ме
Фото: BAQ.KZ -архив

Бұған дейін БАҚ беттерінде Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығын тексеруге қатысты петиция жарияланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі оның қорытындысы бойынша тексеріс жүргізуге дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына берген жауабында айтты.

Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығы тексеріле ме? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Агенттік мүліктің заңдылығын тұрақты түрде тексеріп отырады. Бүгінде бізде қылмыстық іс тіркелген жоқ. Бірақ біз тұрақты негізде заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге жан-жақты тексеру жүргіземіз. Бізде бұл жұмыстар бар, егер бір жерде қылмыстық жолмен табылып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Ал петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік, сонымен бірге бұл мәселені зерттейік, біз бұған міндетті түрде назар аударамыз, міндетті түрде хабарлаймыз, - деді Жеңіс Елемесов.

Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.  Бишімбаев мерзімінен бұрын босап шыға ала ма?, деген сауалға Жоғарғы сот жауап берді. Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын айтты. Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың жазасына қатысты ойын айтты.

Өзгелердің жаңалығы