Қаржы министрлігінің шенеуніктері жемқорлықпен ұсталды – Антикор

9 Қазан 2024, 13:14
374
Бөлісу:
Қаржы министрлігінің шенеуніктері жемқорлықпен ұсталды – Антикор
Фото: Нұркен Алишев - Архив

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары парамен ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті салық тексерулеріне оң рұқсат бергені үшін Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлік субъектілерінен ақша қаражатын заңсыз алу жөніндегі қылмыстық іс қозғалды, - деді Бегайдаров агенттікте өткен брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, азаматтар 68 млн теңге парамен ұсталған.

Арнайы операция барысында Алматы және Астана қаласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты толық сомаға азайтуға жататын негізсіз қосымша есептеу туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілікті. Лауазымды тұлғалар мәселені шешу сылтауымен оның 68 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденді. Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары мен делдал қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соттың санкциясынан күдіктілер электронды білезік салынып, үй қамаққа алынды, - дейді Бегайдаров.

Өзгелердің жаңалығы