Қаржы министрлігі 50 түрлі мемқызмет көрсетеді

20 Желтоқсан 2021, 10:58
1201
Бөлісу:
Қаржы министрлігі 50 түрлі мемқызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлікте атқарылып жатқан цифрландыру туралы баяндады.

Қаржы министрлігі бүгінде мемлекеттік қызметтің 50 түрін көрсетеді, оның 46-сы немесе 92%-і электронды түрде көрсетіледі. Биылдың 11 айында 17,9 млн-ға жуық қызмет көрсетілген. Олардың 17,4 млн-ы немесе 97,2%-ы электронды түрде, - деді министр.

Айтуынша, негізгі қызмет түрлері салық салу мен кеден бағытына тиесілі. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін қысқарта отырып, мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялау азаматтар мен бизнестің уақыты мен шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызмет көрсетушімен тікелей қарым-қатынас азаяды. Бұл коррупциялық тәуекелді барынша қысқартуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Жамаубаев Мәжілісте.

Сонымен қатар салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін қызметтерді «eGov mobile» мобильді қосымшасына және банктік қосымшаларға көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы