Қарызды қалай қайтарамыз - заңгер кеңесі

4 Наурыз 2024, 14:00
3142
Бөлісу:
Қарызды қалай қайтарамыз - заңгер кеңесі
Фото: Арман Мухатов - архив

Жақындарыңызға ақша беріп, ала алмай жүрген жандарға заңгер кеңес береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер туысыныз, досыңыз не танысыңыз сізден қарызға ақша сұрап, оны айлап, жылдап ала алмай жүрсеңіз, заңгер Азамат Талғатұлының берер кеңесіне құлақ түріңіз.

Алдымен WhatsApp мессенджері арқылы қарыз адаммен байланыс орнатамыз. Онда «қарызды қашан қайтарасың, ақша суммасын көрсетіп, қайтаруын сұрайсыз. Егер қайтарамын деген хабарлама болса, онда қарызды қайтару ықтималдылығы - 80%,-дейді ол.

Сондай-ақ ақша аударым жасаған түбіртек арқылы қарызды қайтару оңайырақ болады. Сондықтан аударымдарды көбінесе банк арқылы жүргізген дұрыс екендігін айтады.

Қарызды қалай қайтарамыз - заңгер кеңесі

Сондай-ақ көптеген адамдар қарыз беру кезінде қолхат жазуды қалай жазу керектігін білмейтінін алға тартты.

Қолхат жазу барысында кез-келген парақты 3 бөлімге бөлеміз. Және ЖСН, ұялы телефон жазу міндетті. Және қарыз алушы қарыз берушіден қанша теңге алды сан жүзінде, жазба түрінде жазып алуы керек. Және міндетті түрде қашан қайтаратынын, қолхат жазылған күн, қолы болу керек,-дейді ол.

Ал сізде ешқандай дәлел болмаған жағдайда телефон арқылы хабарласып, оны видеоға жазу арқылы запись жүргіземіз. 

Бірақ бұл тәсіл дәлелдеуде қиындау болады. Содан кейін ғана сотқа дейінгі талап жазып, төлемге бірнеше күн береміз. Егер төлем жасалмаса, сотқа талап-арыз жазуға болады дейді заңгер Азамат Марат.

Өзгелердің жаңалығы