Ұлттық банк: Мемлекеттік бағдарлама аясында 8 457 қарыз қайта қаржыландырылады

16 Қазан 2019, 14:32
1693
Бөлісу:
Ұлттық банк: Мемлекеттік бағдарлама аясында 8 457 қарыз қайта қаржыландырылады

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлгенін мәлімдеді.

Аталған бағдарлама екі блоктан тұрады. Біріншісі 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

«2019 жылғы 10 казандағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде револьверлік тетікті ескере отырып 169,2 млрд теңге сомаға 27 406 қарыз мақұлданды, 154,08 млрд теңге сомаға 26 074 қарыз қайта қаржыландырылды», - делінген хабарламада.

Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

«2019 жылғы 10 казанындағы жағдай бойынша банктер 74,6 млрд теңге сомаға 8 457 өтінімді мақұлдады, 60,9 млрд теңге 7 064 қарыз қайта қаржыландырылды. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш жасау қажет», - делінген таратылған хабарламада.

Өңірлерге және банктерге қатысты ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру туралы толығырақ ақпаратпен, сондай-ақ Өңірлерге және банктерге қатысты ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөліміндегі сілтемесі бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы