Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай жаппай жүгіру өтті

1 Мамыр 2022, 09:44
2340
Бөлісу:
Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай жаппай жүгіру өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған бұл шараға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мыңнан астам әскери қызметшісі, елордалық әскери колледж бен «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. 

«Отан. Әскер. Жас сарбаз» деп аталатын акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.

Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай жаппай жүгіру өтті

Мұндай ауқымды шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жаппай жүгіру Қарулы күштердің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арнайы өткізіліп отыр. Оған әскери қызметшілер ғана емес, өскелең ұрпақ – болашақ Отан қорғаушылар да қатысты. Генерал-майорлар Дәулет Оспанов пен Қаныш Әбубәкіров, сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілер легін басқарған Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов тамаша үлгі көрсетті», – деп атап өтті Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.

Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай жаппай жүгіру өтті

Қатысушылар бөлімшелер құрамында Тәуелсіздік, Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Түркістан және Достық көшелері бойымен «Отан қорғаушылар» мемориалдық кешенінен «Астана-Бәйтерек» монументіне дейін 5 шақырымнан астам қашықтықты бағындырды.

Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай жаппай жүгіру өтті

Мәреге жеткен қатысушыларды, елорда тұрғындары мен қонақтарын Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шығармашылық ұжымдары концерттік көңіл-күймен қарсы алды.

 

Өзгелердің жаңалығы