Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің Жолдауын қолдады

2 Қыркүйек 2022, 12:19
1118
Бөлісу:
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің Жолдауын қолдады
PHOTO

1 қыркүйек күні Қазақстан армиясының барлық әскери бөлімдерінің жеке құрамы Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Казармалар мен мәдени-демалыс орталықтарында, полигондар мен корабльдерде барлық санаттағы әскери қызметшілер тікелей эфирде Мемлекет басшысының қоғамға арналған маңызды саяси және бағдарламалық үндеуін көру ұйымдастырылды. Әскери қызметшілердің өмірі мен тыныс-тіршілігі Отан қорғаумен тікелей байланысты болғандықтан, Жолдау Қарулы күштер үшін аса маңызды.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің Жолдауын қолдады

 Президент Жолдауында проблемалық аймақтарды және елдің ұдайы қозғалыстағы стратегиялық бағыттарын қамтудың ауқымы мен кешенділігі ұштасатын, оның құрылымы мен нақтылығы айтылды. Жолдауда жалпы әлемдік процестердің қазіргі ұмтылысы да ескерілген, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің Жолдауын қолдады

Жолдау төңірегінде айтқан пікірлерінде әскери қызметшілер Мемлекет басшысының Қазақстанды реформалау жөніндегі шараларын іске асыру елдің қарқынды және бақуатты дамуының кепілі болатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы