Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне автокөлік техникасының жаңа үлгілері берілді

3 Ақпан 2024, 05:08
845
Бөлісу:
Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне автокөлік техникасының жаңа үлгілері берілді
Фото: gov.kz

«Батыс», «Астана», «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскерлері 150-ден астам КАМАЗ-43114 жүк машинасын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПАЗ-32054 жолаушы автобустары, техникалық көмек машиналары және КамАЗ-43118 базасындағы вахталық автобус әскерилер үшін таптырмас көмек болды.

Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Батырбек Жазин жеке құрам мен мүлікті тасымалдауға арналған 12 жаңа көлік келіп түскенін ризашылықпен айтады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің теңіз жаяу әскері құрамасына теміржол көлігімен 14 жүк камазы, 2 техникалық көмек көрсету машинасы және 1 шағын автобус жеткізілді.

Біз әртүрлі техника алдық. Мысалы техникалық көмек көрсету машинасы ағымдағы жөндеу жүргізуге, техникалық қызмет көрсетуге және көп мақсатты автокөлік техникасын эвакуациялауға арналған. Оның атқаратын функциясы да әртүрлі, әрі кез келген ауа райында пайдалануға арналған. Әмбебап техника батып қалған автокөліктерді шығаруға, оларды сүйретуге немесе жартылай тиеу әдісімен эвакуациялауға молынан мүмкіндік береді, – деді құрама командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Аслан Нұржанов.

Дөңгелекті жүк техникасымен және жолаушылар автобустарымен машиналар паркін жаңарту бөлімшелердің техникалық әлеуетін нығайтуға және жауынгерлік дайындық іс-шараларын сапалы өткізуге ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы