Қарулы күштер «Менің туым – менің мақтанышым!» атты челлендж ұйымдастырды

4 Маусым 2023, 14:02
819
Бөлісу:
Қарулы күштер «Менің туым – менің мақтанышым!» атты челлендж ұйымдастырды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Осы атаумен барлық әскери қалашықтарда Мемлекеттік рәміздер күні әскери қызметшілер патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мереке күні әскери қызметшілердің тұрғын үйлерінің терезелері мен балкондары Мемлекеттік тумен безендірілді. Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен оған деген құрметін әлеуметтік желілердегі фотосуреттерімен білдірді.

Елтаңба, Ту, Әнұран – мемлекеттің қасиетті рәміздері. Олар қазақстандықтардың жасампаз еңбегін, халықтың бірлігі мен татулығын білдіреді.

Қарулы күштер елдің ұлттық мүдделерін, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға арналған. Мемлекеттік рәміздер Қазақстан халқы құндылықтарының басты бейнесі болып табылады. Олардың әскери ұжымдардағы маңызы ерекше. Өйткені, олар мемлекет алдындағы қасиетті борышпен және жоғары жауапкершілікпен байланысты.

Өзгелердің жаңалығы