Қарттар үйінен жәрдемақы мен зейнетақы ұрлаған қызметкерлер ұсталды

25 Сәуір 2022, 10:21
1962
Бөлісу:
Қарттар үйінен жәрдемақы мен зейнетақы ұрлаған қызметкерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Әлібек Абдилов айтты. 

Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған. Оның 30-ы мүгедектігі бар адам, 60-ы зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі мен әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ол. 

Абдилов атағандай, 17 наурызда Қарағанды облыстық соты Қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, – деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы