Қарқаралының қымызы еліміз бойынша ең үздік деп танылды. BaiQymyz-2026 фестивалінде ауданның қымыз өндірушілері екі бірдей жүлдені иеленді: бас жүлде және екінші орын. Жеңіс үшін Қарағанды облысы мен Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 37 шаруашылық бақ сынады.
Финалға дейін қатысушылар қатаң іріктеуден өтті: мамандар сусынның сапасын зертханаларда тексеріп, шаруашылықтардың жұмысын бағалады.
Жеңімпаздарды ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтады.
Сонымен қатар фестиваль қонақтары да өздеріне ұнаған қымызға дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.
«Ең үздік қымыз» атағы мен 5 миллион теңгелік сертификат Қарқаралы ауданы Ақтерек ауылының өкілдері - ЖК Мұхамед-Әлидің «Қарқаралы Ақтерек» брендіне бұйырды.
Еңбегіміз ақталды. Қымыз өндірумен ата-анам айналысқан, біз сол жолды 17 жылдан бері отбасымызбен жалғастырып келеміз. Бастаған кезде бір ғана биеміз болған еді. BaiQymyz — өте керемет жоба. Бұл тек алғашқы қадам деп ойлаймын. Алдағы жоспарымыз — халықаралық нарыққа шығу, - деді жеңімпаз Бұрхан Жолтаев.

Екінші орынды және 3 миллион теңгені Қарқаралы ауданы Тоқпан ауылынан «Тоқпан қымызы» бренді иеленді.
Үшінші орын Ұлытау облысынан келген «Жаңаарқа қымызы» брендіне бұйырып, 1,5 миллион теңге табысталды.
Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды.
Фестивальге 30 тонна қымыз әкелінді.