Қарқаралы ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қатты жел мен таулы жер бедері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

 pexels.com 16 Тамыз 2026, 23:29
16 Тамыз 2026, 23:29
214
Фото: pexels.com

Қарағанды облысының Жаңатоғай ауылы маңында құрғақ өсімдіктердің тұтануынан шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бөлімшелері өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Жалынның ауылға қарай таралуына жол бермеу үшін оқиға орнына қосымша күштер мен арнайы техника жіберілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде барлық жұмылдырылған қызметтердің жұмысын үйлестіретін жедел штаб құрылды. Жағдай тұрақты бақылауда.

Қазіргі уақытта елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Наверх