Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстандағы асфальт сапасына кімдердің жауапты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер министрге Қазақстанда асфальттың қармен бірге «еріп кететін» жағдайлары жиілегеніне айтты. Министр бұл мәселеге қатысты жолдарға кім жауапты екенін түсіндірді.
Нұрлан Сауранбаев «көктемде еріп кеткен асфальт» секілді әрбір жағдайды жеке қарау қажет деп отыр. Оның сөзінше, жол желісінің жай-күйіне жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
Мен білемін, Астана әкімдігі, атап айтқанда, жақын жерде орналасқан. Соңғы уақытта олар бірнеше кеңес өткізді. Біз де сіздер көтеріп отырған мәселені зерттеу үшін өз мамандарымызды жібердік, – деп түсіндірді министр Сенатта өткен брифингте.
Ведомство басшысы сарапшылары жұмыс топтарына қатысқанымен, соңғы қорытындыны қала билігі шығарады. Ал болып жатқан жағдайға жан-жақты баға беріп, зертханалық тексерулердің нәтижесін қоса саралау – әкімдіктің міндеті.
Ал салалық ведомство тек кеңес беру тұрғысынан қолдау көрсетеді. Жол сапасына жауапкершілік пен оның бұзылуына кінәлілерді анықтау міндеті толықтай қала әкімдігіне жүктелген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақылы жолдар табысы бір жылда 33 миллиард теңгеге артпақ. Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен қарыздарды өтеуге жұмсалады.