Ақылы жолдар табысы бір жылда 33 миллиард теңгеге артпақ

Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстау мен қарыздарды өтеуге жұмсалады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:23
Бүгiн 2026, 11:23
121
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда ақылы жолдар есебінен бюджет кірісін арттыру жоспарларын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәліметінше, 2025 жылы ақылы жолдардан түскен табыс 87 млрд теңгені құраған.

Ақылы автомобиль жолдарын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2025 жылы олардың ұзындығы 4,9 мың км құрады. Осы жылы 6,7 мың км жеткізіледі, - деп атап өтті министр.

Айтуынша, бұл жолдардағы көлік қозғалысы да артып келеді.

Ақылы жолдардан түсетін қаражат көлемі 2025 жылы 87 млрд теңгені құрады, осы жылға жоспар 120 млрд теңге. Одан түсетін қаражат алынған қарыздардың пайызын қайтаруға және жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Жалпы алғанда, ақылы жолдар бюджетке түсетін салмақты жеңілдетеді, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Министр автомобиль транзитін дамытуға үлкен потенциал барын алға тартты.

Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобалар мен өткізу пунктілерінің жөндеу және салу жұмыстары аяқталады. Жаңа технологиялар енгізіліп, «рұқсатты» жүйеден бас тартамыз. Бұл шаралар елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы.

Наверх