Қарин: Ұлттық болмыс та өзгеру қажет

6 Ақпан 2022, 10:02
2607
Бөлісу:
Қарин: Ұлттық болмыс та өзгеру қажет
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Qazaqstan арнасына берген сұхбатында айтқан. 

Бізге қоғамдық құндылықтар жүйесінің де өзгерісі қажет. 30 жылдық дамуымызда кеңестік кезеңнен кеткендей болдық та қазіргі қоғамның белгілерін де толық сіңірмедік, ұлттық құндылықтарымызды да толық игермедік. Біздің қоғамымыздың өзі бір сатыдан екінші сатыға өтпей қалғандай болды. Кеңестік кезеңнен шыққанмен нарықтық заман құндылықтары орныға қойған жоқ. Бір жағынан зайырлы мемлекет дейміз, екінші жағынан діни сенімдер де дамып жатыр. Бір жағынан қазіргі заман қоғамын құрамыз дейміз, екінші жағынан ұлттық құндылықтарымызды сақтағымыз келеді.  Осының арасында қарама-қайшылықтар бар сияқты. Оны көп адам ажырата алмай жатыр, - деді ол.

Ерлан Қарин кешегі болған жағдай ой салу керектігін айтты.

 Тіл мәселесінде де дискуссия болып жатады. Талаптар қойып жатады. Басқа да тақырыптар бойынша да талаптар болып жатады. Бұның бәрі неде? Бұның себебі бізде Қоғамдық құндықтар жүйесінде бізге өзгеріс керек, жаңару керек. Азаматтардың іс-әрекетін қандай критерийлермен бағалаймыз? Кешегі көшедегі болған жағдайлар бізге ой салуы керек. Қолына қару алып бір азаматтың екінші азаматқа қару жұмсауы қашан болған жағдай?  Бұл радикализмның себебі неде? Біз бұған дейін діни радикализм деп келдік. Енді саяси радикализмның белгілері де пайда бола  бастады. Бұған дер кезінде тосқауыл керек, - деді Қарин. 

Ол көшедегі жағдайлардың бәріне үстемдік етіп, адамдардың бәрін артынан ертіп отырған криминалды адамдар болды дегенді айтты.

Кеше көшедегі жағдайлардың бәріне үстемдік етіп, адамдардың бәрін артынан ертіп отырған криминалды тұлғалар болды. Қай заманнан бізге, жастарға криминалды тұлғалар көсем болып кетті? Неліктен біздің жастарымыз сол азаматтарды еліктейтін тұлға ретінде көріп отыр. Біз бұған дейін осыны көріп келдік. Енді айту жеткіліксіз шығар. Енді біздің тарапымыздан қадамдар керек шығар. Жастарымызға еліктейтін басқа тұлғалар керек. Біздің телеарнада сұхбат беріп отырғанымыздан қандай пайда, егер жастарымыз өздеріне көсемдер тауып алып, солардың сөздеріне еріп отыратын болса, - деді Қарин.

 

Өзгелердің жаңалығы