Қарин мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті

15 Қыркүйек 2023, 16:32
602
Бөлісу:
Қарин мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық құжаттармен сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Соған сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Сыртқы саяси зерттеулер институтының, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, Экономикалық зерттеулер институтының, Парламентаризм институтының және өзге де сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті.

Жиында зерттеу институттарының басшылары сараптамалық құрылымдар қызметінің сапасын арттыруға, аналитикалық орталықтардың өзара және мемлекеттік органдармен, оның ішінде, аймақтық деңгейдегі қарым-қатынасын реттеуге қатысты ұсыныстарын айтты.

Өз кезегінде Ерлан Қарин сараптамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіруге және жетілдіруге, аналитикалық құжаттарды әзірлеуге, осы бағыттағы мамандарды даярлаудың сапасын артыруға қатысты негізгі тәсілдерді белгілеп берді.

Жиынға қатысушылар алдағы уақытта мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізіп тұруға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы