Қарин Германия депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды

20 Ақпан 2023, 14:44
918
Бөлісу:
Қарин Германия депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Бундестагтың «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобының жетекшісі Ойген Шмидт бастаған депутаттармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын қамтыған ауқымды мәселелерді талқылады.

Ерлан Қарин Бундестаг депутаттарын елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мән-мазмұнымен және алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Германия Парламентінің делегациясы Қазақстандағы саяси жаңғырудың жүйелі жүзеге асып жатқанын жоғары бағалап, еліміздің демократиялық өзгерістерге бастаған жолына табыс тіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы