Қарбыз жеп, арықтауға бола ма? Дәрігер жауап берді

Дәрігер қарбыз диетасын қауіпті деп санайды.

Бүгiн 2026, 15:05
АВТОР
 pixabay.com Бүгiн 2026, 15:05
Бүгiн 2026, 15:05
176
Фото: pixabay.com

Қарбыз диетасы арқылы арықтауға бола ма? Нутрициолог дәрігер, Астана медицина университеті жанындағы академик Е.Д. Даленов атындағы ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген қарбыз жеп, артық салмақтан құтылуға болатыны туралы түсінік қате екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарбызды нанмен жеуге бола ма?

Көпшілік арасында қарбызды нанмен жеу туралы пікірлер жиі айтылады.

Көп адам қарбызды нанмен жеуге бола ма деп сұрайды. Менің есімде, бала кезімізде әкем қарбызды қара нанмен жейтін. Бұл жерде ең маңыздысы - қандай нан тұтынатыныңыз. Егер ақ нанмен бірге көп мөлшерде қарбыз жесеңіз, ағзаға артық калория түседі. Оның денсаулыққа пайдасынан зияны көбірек болуы мүмкін. Ал қара нан немесе кебекті нанмен бірге аз мөлшерде тұтынуға болады, - дейді нутрициолог.

Қарбыз диетасы арқылы арықтауға бола ма?

Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде қарбыз арқылы арықтау тәсілдері жиі насихатталады. Алайда дәрігер мұндай диетаны қауіпті деп санайды.

Артық салмақтан арылу үшін тек қарбыз жеу үлкен қателік. Бұрын ауылдық жерде өз бақшасында өсірілген табиғи қарбызды көп жеген адамдарға оның айтарлықтай зияны болмауы мүмкін еді. Бірақ қазіргі жағдайда қарбыз құрамында нитрат мөлшері жоғары болуы мүмкін. Сондықтан тек қарбызға негізделген диета ұстану өте қауіпті, - дейді маман.

Оның пікірінше, ағзаға шамадан тыс нитрат пен химиялық заттардың түсуі түрлі денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін.

Қазіргі қарбыздардың құрамында нитрат мөлшері көп болуы мүмкін. Сондықтан күні бойы тек қарбыз жеп жүру дұрыс емес. Бұл ағзаны улап, кейін денсаулыққа кері әсер етуі ықтимал, - дейді ол.

Наверх