«Қарасора»: Бір айда 230-дан астам есірткі қылмысы анықталды

26 Маусым 2023, 11:58
938
Бөлісу:
«Қарасора»: Бір айда 230-дан астам есірткі қылмысы анықталды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ел аумағында «Қарасора» арнайы операциясы барысында бір айдың ішінде 700-ге жуық есірткі қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен қарасораны өсіруге, дайындауға және әкетуге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеуге бағытталған «Қарасора» арнайы операциясы жалғасуда, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Іс-шараларға ІІМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелері жұмылдырылғаны белгілі болды. Әуе барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады.

Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ареалдарын ғарыштық зондтау бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» мүмкіндіктері іске қосылды. «Қарасора» арнайы операциясының бір айында полицейлер 233 қылмысты анықтады. Оның ішінде 87 өткізу фактісі, 33 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 86 фактісі, 4 есірткі зертханасы анықталды. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі, оның ішінде 642 келі марихуана, 29 келі гашиш, 4 келі синтетика және шамамен 1 келі героин тәркіленді, - деп атап өтті Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы