Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысындай айтты.
Жыл сайын қантты тұтыну шамамен 532 мың тонна, оның ішінде отандық шикізат есебінен – 7%-зы ғана қамтамыз етілген. Бұндай кем көрсеткіш, өндірістің - ұсақ болуына, суаруға арналған судың жетіспеуіне және қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуына, ресейлік өндірушілер тарапынан бағаның демпингіне байланысты болып отыр, - деді Қарашөкеев.
Министр сумен қамтамасыз ету проблемасын шешіп, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту мақсаты тұрғанын айтты.
Техникалық жарақтандыру жұмыстарын іске асырып, сондай-ақ саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отыр, - деді ол.
Министр қант өндірісін 7 есе 254 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отырғанын айтты.
Қант импортын 32% - ға төмендету күтілуде, бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7%-дан 43%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа жоғарыда көрсетілген нәтижелерді алу үшін 5-6 жыл ішінде субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет, - деді АШМ басшысы.