Қарашөкеев егістікте дайындық жұмыстары туралы айтты

22 Ақпан 2023, 10:26
1070
Бөлісу:
Қарашөкеев егістікте дайындық жұмыстары туралы айтты
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 1 және 16 ақпан аралығында республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын біркелкі түспеген.

Ол мұның алдын алу үшін топырақта ылғалдың жиналуы мен сақталуы бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу қажет екенін айтты.

Маңызды міндеттердің бірі-топырақта ылғалдың жиналуы және оны ұтымды пайдалану шараларын жүргізу. Мәселен, Атырау облысында шығыста, оңтүстікте және орталықтың кей жерінде жауын-шашын нормаға жақын және одан жоғары. Қалған аумақта жауған жауын-шашын нормадан аз. Республиканың батысында 16 ақпандағы жай-күй бойынша қар жамылғысының биіктігі 1-7 см-ден 10-37 см-ге дейін, елдің солтүстігінде 11-22 см-ден 26-34 см-ге дейін, орталығында 8-15 см-ден 18-35 см-ге дейін, шығысында 9-21 см-ден 22-99 см-ге дейін, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында негізінен 4-14 см 19-43 см дейін жетті, - деді Ауыл шаруашылығы министрі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл қант қызылшасының алқабы 6,7 мың гектарға ұлғайтылады.

Өзгелердің жаңалығы