Қарашөкеев: Биыл егіс алқабы 105 гектарға артты

6 Сәуір 2022, 16:12
1589
Бөлісу:
Қарашөкеев: Биыл егіс алқабы 105 гектарға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Оның мәлімдеуінше, әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 2022 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптасты.

Жалпы егіс алаңы 23,1 млн гектарды құрайды. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың гектарға артық. Мал азық дақылдарының көлемі елеулі артып, 3,6 млн гектарға жетті. Ол мал азығын мол өндіруге және мұқтаж өңірлердің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, картоп, күнбағыс, көкөніс, яғни әлеуметтік дақылдар алқабы ұлғайды. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыспалы егісті сақтауға қатаң тәсілдеме көзделгенін атап өткім келеді. Мысалы, майлы дақылдар жоғары рентабельді және дәнді дақылдарға қарағанда сұранысқа ие. Бұған баса назар аудару керек, - деді министр.

Министр көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық кезінде ауа-райы құбылыстары ескерілетінін айтты.

Осылайша, республикадағы егіншіліктің маңызды міндеттерінің бірі - топырақта ылғал жинау және оны ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Өңірлер осындай жұмыс жүргізуде. Шамамен 3,1 млн гектар алаңда қар тоқтату екі ізбен жүргізілді. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 2,5 есе артық. Қазіргі уақытта ылғалды жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Топырақта ылғалдың жеткілікті жинақталуы ғана жақсы өнім бере алады, - деді орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы