Қарашөкеев Алмасбек Садырбаевтың мәлімдемесіне жауап қайтарды

17 Мамыр 2022, 15:39
2051
Бөлісу:
Қарашөкеев Алмасбек Садырбаевтың мәлімдемесіне жауап қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кәсіпкер Алмасбек Садырбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Шопан ата» шаруалар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев бұған дейін Ulysmedia порталына берген сұхбатында былтыр қуаңшылық болған кезде министрлік бидайшыларға 110 млрд теңге бөлген алайда мал шаруашылығына ешқандай көңіл аударылмағанын айтқан.

Әрине, Садырбаев мырза  бұл жерде дұрыс ақпарат беріп жатқан жоқ. Ол кісінің ақпараты сәл-сәл дұрыс болмай жатыр. Негізі біз жыл сайын 300 млрд субсидия бөлетін болсақ, оның жартысы мал шаруашылығына бөлініп отыр. Оның ішінде өсімдік шаруашылығына да бөлеміз. Садырбаев мырзаның бидайды мүлде экспорттамау дегені неге алып келетінін білесіздер ме? Біз жыл сайын 10-15 млн тонна бидай экспорттаймыз соның ішінде ішкі нарықтың қажеттілігі 7 млн тонна. Тіпті макорон өнімдерін шығару үшін 500 мың тонна ғана қажет. Қалған ұнды қайтеміз? Иә, бірінші жыл сарапшылардың айтқанындай кебектің бағасы түсуі мүмкін. Алайда келесі жылы бидайды егуді тоқтатады оның себебі бағасының түсуі. Қазір барлық зарттардың бағасы өсіп жатыр. Мен ол кісімен айтқанымен келіспеймін. Меніңше,  популистік ұсыныс, - деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы