Қараша айына арналған ауа райы болжамы

1 Қараша 2022, 09:08
4050
Бөлісу:
Қараша айына арналған ауа райы болжамы

Қараша айында республика бойынща ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауын-шашынның таралуы келесідей: елдің батыс жартысында нормадан аз, шығыста - норма шамасында. 

Қараша айының басында Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы циклон үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады, республиканың оңтүстігінде әлі де көбінесе жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ құбылыстарымен және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен бірге күтіледі, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін.

Қарашаның алғашқы күндерінде ел аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады, бұл жауын-шашынның басында батыс өңірлерде тоқтатылуына әкеліп соқтырады, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлердің бағаны түсуі мүмкін: 

солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін; 

оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа  дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.

Алайда, Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндер де болады.

Өзгелердің жаңалығы