Қарақат Әбден қашықтан басқарылатын пеш жасаған түркістандық қыздар туралы айтты

19 Маусым 2023, 13:23
889
Бөлісу:
Қарақат Әбден қашықтан басқарылатын пеш жасаған түркістандық қыздар туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов

Парламент Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден қашықтан басқарылатын пеш жасаған түркістандық қыздар туралы айтты. Бұл туралы депутат Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының отырысында мысалға келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның қолдауымен соңғы кездері әйелдер кәсіпкерлігі жан-жақты дамып келеді. Оның ішінде ауылдық жерлерде. Қазақстан әйелдерінің жаңа буыны қаржылық және экономикалық тәуелсіздікке деген өзіндік көзқарасымен ерекшеленеді. Елімізде әйелдердің 40 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олар сондағы жағдайды дамытуға үлесін қосып жатыр. Бірақ қазіргі кезеңде мемлекеттің дамуына да толықтай үлесін қосып келеді, - деді депутат.

Сөзінше, танымал саясаткерлер, министрлер, майталман әйелдер және ең танымал ғалымдар және басқа да сала мамандары осы ауылдардан шыққан.

Ауылдың әлеуеті зор. Қазіргі кезеңде ауыл әйелдері заманауи Қазақстан қоғамында сүбелі орынға ие. Мысалы, өздерінің бизнесінде заманауи IT технологияларды дамытып жатқан әйелдерді көптеп кездестіріп жүрміз. Түркістан облысында жас кәсіпкер қыздар үй пешін жасап шығарған. Оны жұмыста отырып-ақ, қашықтан басқаруға болады. Яғни көмір мен ағаштың орнына «жасыл» технологиялар қолданылады, - деп айтты ол.

Қарақат Әбден заманауи IT технологияларды ауылда енгізу әйелдер арасындағы жұмыссыздықты жоюға үлес қосып келеді. Яғни жасанды интеллект арқылы комбайндарды қашықтан басқаруға болады.

Елордада Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді.

Өзгелердің жаңалығы