Қарағандының зообағы экзотикалық сүтқоректілермен толықты.

17 Қыркүйек 2023, 12:21
670
Бөлісу:
Қарағандының зообағы экзотикалық сүтқоректілермен толықты.
Фото: pixabay.com

Лемурлер Қарағандыға Алматыдан жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйгілі Мадагаскар мультфильмінің басты кейіпкерлері жаңа орында өздерін жайлы сезінеді. Оларға мамандар тіпті арнайы мәзір жасап беріпті.

Ал қалталы сүтқоректілер болса шөп-шаламға әуес болып шықты. Олардың бір үйірі Израильден Алматыға жеткізіліп, Қазақстанның хайуанаттар бағына, одан кейін Ресей мен Өзбекстанның бірқатар зообағына жеткізілген, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Хайуанаттардың атын Қарағанды зообағына келушілер өздері таңдап қоятын болады.

Жылы жақтан болғаннан кейін суыққа сондай төзімді емес, өте көрікті, қолға үйренген. Сондай әдемі. Біреуі еркек. Ұрғашысы кішкене үркектеу. Осыны өзіміз өсіріп жатырмыз. Жолдан келген соң стресстен кішкене жүдеу. Бірақ кішкене көтеріледі. Біздің малдарды көріп тұрсыз ғой солай", - дейді хайуанаттар бағының жұмысшысы Әмин Алин.

Өзгелердің жаңалығы