Қарағандының өрт сөндірушілері 5 адамды құтқарды

17 Наурыз 2024, 11:32
324
Бөлісу:
Қарағандының өрт сөндірушілері 5 адамды құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды қаласында, Қазыбек би ауданында, 2 қабатты ғимараттың жертөлесінде ағаш қаптаманың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД күшімен ғимараттың 2-қабатының балконынан үш тізе баспалдақ арқылы 5 адам құтқарылды. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Жеке құрамның 30 адамы және 7 бірліктен астам техника шықты.

Өзгелердің жаңалығы