Қарағандының бірнеше мектебіне «жарылғыш зат» қойылған

22 Желтоқсан 2022, 16:02
900
Бөлісу:
Қарағандының бірнеше мектебіне «жарылғыш зат» қойылған

Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бір қатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 желтоқсан күні сағат 11.00 –ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бірқатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастады. Жарылғыш зат туралы хабарламалар мектептердің электрондық поштасына түскен. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен мектептерге барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. 

Ол жерлерді тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен хабарламаны жіберген адамды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. 

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Өзгелердің жаңалығы