Қарағандылықтар "УЗИ-ден" тегін өте алады

4 Қаңтар 2024, 14:54
509
Бөлісу:
Қарағандылықтар "УЗИ-ден" тегін өте алады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығы акция өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталығы "Бақытты сағаттар" акциясын жариялайды. Қаңтар бойы әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін және 14.00-ден 16.00-ге дейін мекемеде ақысыз қызметтер бар. Осы кезеңде сіз акушер-гинекологтың және жамбас мүшелерінің гинекологиялық ультрадыбыстық зерттеуінен өтуге болады (көрсеткіштер бойынша), - делінген хабарламада.

Бұл ретте акцияға қатысу үшін МӘМС жүйесіне қатысу талап етіледі. Сонымен қатар қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі.

Айта кетейік, өңірлік акушер-гинеколооиялық орталық Шорса көшесі, 53 мекенжайында орналасқан ("Майқұдық МҮ" аялдамасы).

Өзгелердің жаңалығы