Қарағандылықтар ультрадыбыстық зерттеуден тегін өте алады

8 Сәуір 2024, 12:53
209
Бөлісу:
Қарағандылықтар ультрадыбыстық зерттеуден тегін өте алады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды акушерлік-гинекологиялық орталығында акция жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық "Бақытты сағаттар" акциясын жалғастыруда. Сәуір айы бойы сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері Қарағанды тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Қызметтер тізіміне мыналар кіреді:

- гинекологтың қабылдауы (тек МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар үшін);

- ауруларды анықтау, гинекологиялық УДЗ;

- күндізгі стационар жағдайында сауықтыру;

- отбасын жоспарлау.

Акция сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі. Алдын ала жазылу қажет емес, қабылдау кезек тәртібімен жүреді. ӨАГО Шорса көшесі, 53 мекенжайында орналасқан ("Майқұдық МҮ"аялдамасы). @ragc_krg2017, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы