Қарағандылық қос батыр

5 Қаңтар 2023, 13:35
2146
Бөлісу:
Қарағандылық қос батыр

Қайран жолда ата-бабамыз елімізді қорғау үшін талай жандарын қиған болатын. Керей мен Жәнібек бастаған қазақ елі елі мен жерін, шекарасы мен малын көбейтіп, даңқты жорықтарда көп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атақты Абылай ханмен тектес батыр бабамыздың жолын қуып қазіргі Қазақстанымыздың Тәуелсіздігі баянды, шекарасы мен ішкі тәртібін қорғау жолында әскерлер қызметі дамып келе жатыр. 

Сонау Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары НКВД құрылымы атанған әскерилер қазіргі Ұлттық ұлан құрылымы еліміздің ішкі тәртібін сақтауда жасаған игі істері де аз емес. 

Болашағымыздың баянды екеніне қызығып,  жарқын келешекке нық қадам басып келе жатқанымызды көре алмай, қол сұғып, еліміздің арасында іріткі салып, қабырғамызды қаусатқан «Қаралы қаңтар» ұзақ жылдар бойы есімізден кетпейтіні хақ.  Сол ызғарлы қыста еліміздің бейбіт түрде сұрағанын қолданып, жұрт арасына өтірік жала жапты. Еліміздің бірнеше облыстарында бір уақытта бейбіт шеру лаңкестік әрекетке айнала бастады, жас бала, қыз немесе қария, зәулім ғимаратттар бояу мен отқа толып, елімізді түгелдей қирата бастады. Заңсыз әрекетке жол бермеу, Тәуелсіздігімізді сақтап қалу жолында Ұлттық ұлан құрамалары «жоғарғы деңгейлі» дабылы бойынша жасақталып, лаңкестерді тоқтатуға алаңдарда тізіле бастады. Әрбір ұландықтың ойында антымызға адал болып, заңсыздыққа жол бермеу. 5 күн, 5 түн бойы шерулер тоқтамады, ұрылар мен қасақана жасаушылар құрақталды, қашқандары қолға ұсталды, бірақ қандай жолмен... Сол сұрапыл күндері Антына адал болып, өзгенін жанын артық көрген Талдықорған қаласындағы Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің аға маманы (аға гранатометшісі), отбасысының кенжесі, ауылының мақтанышы, достардың асылы қатардағы Айбат Аманов лаңкестің қолынан қаза болады.

Қарағандылық қос батыр

Міне, таяуда Айбаттың қайтыс болғанына 1 жыл болады, бірақ анасы мен әкесі, ағасы мен Инабат қарындасы үшін бұл үлкен жоғалту, дәл Айбаттай бауыр мен ұл ешқашан көрмеспіз дейді. Анасы баласы жайлы сөзінде: Айбат әрқашан да ақжарқын, қуанышты болып жүретін. Кішкене кезінен-ақ өзінің ерекшелігімен көзге түсетін, жастай баланың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін дейді. Өсе келе баланың бауырмалдық қасиеті жыли түсе берді, әрқашан ағасы мен қарындасын сыйлап, қастарында жүретін. Ер бала болғасын спортқа да қызығушылығы 8 жасынан бастау алды. Алдымен күреске барып жүріп, кейіннен өзіне жақын тартып былғары қолғаптылардың «бокс» үйірмесіне жазылады. Арада 8 жыл бойы айналысып ауыл, аудан, облыс,тіпті Республика көлемінің алтын жүлдегері атанды. «Генадий Головкин ГГ, Серік Сапиев СС, менде Айбат Аманов АА-мын ғой, әлі-ақ әйгілі боламын әке» деп құлшынып тұратын еді.

Қарағандылық қос батыр

Анасының есінде бір жарыс тым еске қалатын жәйт болды, «Есімде бір жарысы, бүкіл облыс жиналған еді сол кезде, Айбат өз салмағында барлығын жеңіп келе жатса, ол сияқты жарыскерлердің оң жақ бөлігін Жезқазғандық спортшы жеңіп келе жатты. Ендігі жеңіс үшін тепе-тең келген екі спортшыны ортаға дайындап жатыр. Қарасам Айбатымның қарсыласы, Жезқазғандық туыстарымыз екен. Әкесі де маған «келін» деп отыр, «ұят болды-ай» деп жүгірдік Айбатқа қарай. «Айбат, сен қарсыласыңа бере сал жеңісті, қонақ қой алыстан келді» десек, әбден жеңіске қайралып қалған Айбат: «мама мен не үшін оған беремін, не үшін» деп намыстанып, тайталаса бастады. Сол кездегі қайсар мінез-қылығына әлі де күліп еске аламыз», деп анасы Гүлнәз есіне алады.   Жастайынан тек спортқа емес, сурет салуға да қызығушылығы бар еді, әдемі салған суреттері де өте  көп, оның тең жартысы жастайынан достары арасындағын білген, көргенін жазса, тең жартысы еліне де сүйіспеншілік пен ер абыройы шақыртқан, армандаған әскери қызметі жайлы. Қазіргі заманның талабы ма,  өмірге, қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігін кішкентайынан бастап видеотаспаға түсіріп жүрген. Тіпті, жасаған түсірілімдерінің сапасына қарай болар, ауылдың барлығы Айбатқа видео жасап берші деп, түрлі видеоларын жібере беретін, шаршап не сылтау тауып жасамай қою жоқ, бірден «иә әрине қазір-ақ жасап беремін» деп сөз қайтармайтын үлкеніне, кішісіне де. Өзінің құнды заттары болатын видео түсіруге, түрлі камералар, түрлі-түсті көзілдіріктер, соның барлығын ата-анасынан қаражат сұрамай, өзі қалада жұмыс жасап, өз адал еңбегімен табатын. 

Сөйтіп жүріп, жас бозбала техникаға қызығып, өіне  көк түсті «YAQI 200» модельді мотоцикілін сатып алады. Ала салысымен бірден өзіне ұнаған қара түсті «Бас ШЛЕМІН» сатып алып, қалада көп қыдырып жүретін. ЖаңаАрқанын үлкені мен кішісін сол көлігімен тайраңдатып мінетін. 

Тоғыз сынып аяқтап, жарқыраған отбасының кенжесі колледжге оқуға түседі. Сол жылдары үйден алыстап, бөлек шығып интернатта тұруға тура келді. Өзгемен тіл табыса алатын білгесін Айбаттың, көп уайымдаған да жоқпыз, сағынатынбыз әрине, соның өзінде әрқашан қоңырау шалып, сағынғанымызды басып отыратын. Айбаттың достары арасында «Акула» есімімен танымал болатын, ауылдың бес мектебі болса, соның барлығы танитын. Қатарластарының арасында әрқашан сыйлы, әрқашан араларында бас көз боп, әрбір даудың шешіміне де араласып, жанжалдаспай шешімін табатын. «Жан жолдасым» деген  видеоларды достарына  жасаған екен, жатақханада түсірген әсерлі 20 минуттық ролигі бар екен, «әй, келсендерші, 3-4 курс болғанда көреміз, естелік болады» деген, сондағы достарының арасында сыйлы, әрбір жанға сыйлап, қалжындап сөйлегені байқалады. Қазіргі мысалы, кім білді өмірдің осылай болатынын, ол кезде жастай бала, қараса өзінің телефоны, өз еркі не айтып, не істесе де, сонда да араласатын балаларына әдебі алғы болғаны байқалады. Осылай жарық жұлдыз, әскерге де өз ынтасымен «Анашым мен әлі көк Туымызды желбіретемін, әйгілі боламын» деген ұранмен ұмтылатын, сондағы тек 3 курс студенті еді.

Өміріндегі анасынан кейінгі асыл жаны апасы Инабатты қасынан тастамайтын. Колледжде оқыған кезінде де өз қасында ертіп, қорғаны, панасы болатын. Инабат апасына «Сен ата-анамыздан ештеңе сұрама, өзім әперемін саған, өзін асыраймын сені...» деген сөзі қарындасын әлі күнге дейін қайрайды, көзге жас алмай еске алу мүмкін емес, дейді Инабат.

Әрбір мұғалімнің айтқанын тез ұғып алатын «Қазақстан тарихы» пәнінен олимпиада жүлдегері болатын. Айбаттың көмегімен әрбір іс-шараға дайыныдық серпінді өтетін өзі балаларды ынталандырып, барайық, ұйымдастырайық деп тұратын. Өзі жүрген жерде мұғалімдер болсын, араласатын адамдары арасында әрқашан сыйлы болатын. Акула (Айбат) сияқты дос табу қиын» деп достары еске алады.

Әскерге кетпес бұрын, мамыр айларының соңында отбасына  Айдана деген сүйгені бар екенін айтып, үйге таныстыруға алып келеді. Әңгіменің барысында Айдананың 11 сыныпты аяқтағалы келе жатқан түлегі екендігі білінеді. Сөйтіп, комиссияның шешімімен Талдықорған қаласындағы  Ұлттық ұланның 5514 әскери бөліміне қызметіне аттанды.  Екі ай өсе салысымен «Ант қабылдау!» рәсімі өтіп қызметі басталып кетеді. Қызметінде Жаңа-Арқаның тумасы Ержан деген ауылдасымен бірігіп, қызметтерін абыроймен бір жыл көлемінде атқарып, үйге бірге кетуді армандайды. Көңілі қалаған қызметінде қуанышқа  толы Айбат қызметіне тез үйреніп, зеректігін әскерде де танытты, «анашым, алғаш рет аттым, енді специалист болдым» деп үйіне қоңырау шалып қуантып тұратын үйдегілерін. Әскерде жүріп, «Отбасым», «Айданамен танысқан жүрген кез», «Қызыма хат», «Менің өмірбаяным», «Әскерге дейінгі өмірім», «Анашымның туылған күн» сияқты көптеген жазбалар жинағын бастаған. Жаңа 2022 жыл қарсаңында кешкі 23.20 шамаларында звондап келе жатқан мейраммен құттықтап, 00.20-дан аса кете тағы бір қоңырау шалып, «Сөйлеспегелі бір жыл болды» деп қалжындады әдеттегідей. Ешбір қатер сезбеген отбасы,  Жаңа жылда телефон ұстап өткізді. Содан 2 қаңтар күні соңғы рет қал-жағдайын білісіп, қаңтардың 5 күні Амановтар отбасы үшін қаралы хабар күні екенін ешкім де білген емес. Әскери бөлімнен хабарласып, алғашқы етіп көршілері мен нағашыларына жеткізген екен. Бар жұрттың алдында тайдай жүйрік, арыстандай батыл ер – ел алдындағы борышын өтеу жолында мерт болды. Сонау жарқ еткен жұлдыз сияқты, жарқ етті де сөніп кетті.

Енді анасы Гүлнәз апайға көзінің тірісі кезінде, таныстырып кеткен сүйікітісі - Айдана, студенттік досы – Қабылбек, және әскердегі ауылдасы Ержан –үш балалары сияқты аманаты болып мәңгілікке қалып кетті. Ендігі қалған өмірде ата-анасына шыдамдылық тілеп, қалған балаларының қызығын көруін тілейміз!!! 

Дәл осындай оқиға Қызылорда қаласында орын алды. Қаңтар оқиғалары кезінде мемлекет көлемінде өршіген жаппай тәртіпсіздікте Отан алдындағы қасиетті борышын өтеген 19 жастағы қарағандылық Мадияр Қайсаров ерлікпен қаза тапты. Өз әріптестерімен иық тіресіп, ашуланған көпшіліктің шабуылын тежеді. Сол кезде Мадияр қатарға қарсы ұмтылған әскери КамАЗдың келе жатқанын байқап, бауырларын итеріп тастап қорғау жолында өзінің жанын қиды...

Мадияр Оразалыұлы Қайсаров өзінің туған күніне дейін 24 күн өмір сүрген жоқ. Қарағанды қаласының Майқұдық ауданының тумасы 2002 жылдың 29 қаңтарында дүниеге келген. Ата-анасының айтуынша, сол күні Ашық, жылы ауа-райы болды, бұл қаңтардағы қатал күнделікті өмірге тән емес, бұл әрқашан баланың туылуына байланысты қуанышты оқиғаларды бейнелейді.

Қарағандылық қос батыр

Мадияр балалық шағын 12-ші Майқұдық шағын ауданында өткізді, көше бойындағы үйіне қарама-қарсы орналасқан №54 орта мектебінде оқыды. Бастауыш сыныпты сол жерде оқыды, бірақ уақыт өте келе туыстарының қалауымен  басқа мектепке ауыстырады.

Кішкентай кезінен тым зерек Мадияр, мектеп жылдары сабағын оқып үлгеріп, оқудан басқа уақытында спорт мектебінің әртүрлі бөлімдеріне барғанды ұнататын. Кішкентай кезінде жүзу спорты, дзюдо, самбо және каратэ спортымен айналысты. Мадиярдың сүйікті хоббиінің бірі бейнелеу өнері болатын. 

«Әрдайым ерте тұрып, үй маңындағы мектеп-интернаттың футбол алаңында жүгіріп келіп, гантель және штанга көтеретін, сонымен бірге белтемірді де ұмытпайтын» деп әкесі Оразалы еске алатын.

Мадияр кішкентайынан музыкаға да  құмар болатын. Әкесі Оразалы Қайсарұлымен салауатты өмір салты клубының оқытушысы екендігімен түсіндіруге болады. Ол музыка колледжін мұғалім-режиссер мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі уақытта оқу орнында вокал, гитара ойнаудан сабақ береді. Ал анасы-Әсел Аманжолқызы, жедел травматология бөлімінде Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада медбике болып жұмыс істейді.

Оқудан кейін Мадияр классикалық музыканы тыңдағанды ұнататын – Бах, Бетховен, Моцарт сияқты ұлы композиторлардың шығармалары, әсіресе  симфонияларды. Ол сондай-ақ әдебиет оқумен айналысқан. Қолы бос кезде гитарада бірден бірнеше ән ойнауды үйрене бастады. Әскерге барар алдында "Мен үйренейін, әскерде қаруластарыммен ойнаймын" деп әкесіне гитара алып беруін өтінеді.

Көптеген достары мен таныстары, мұғалімдері Мадиярды мейірімді, әділ жігіт ретінде еске алады, әрқашан әлсіздерді жақтайтын деп. 

Мадияр үйінің жалғыз баласы болғанына қарамастан, барша туыстарының жанында болады, немере ағалары мен әпкелеріне барлық қолдау көрсетіп кеңес беріп отыратын деседі. Өмірлік паналары әкесі мен анасын өте қатты қәдірлейтін, әкесінің жолын қуып музыкаға бейімделсе, анасына жұмыстан кейін әрқашан құрмет көрсетіп кешкі асын дайындап, отбасының қуанышы болатын.

Мадияр жастайынан өте белсенді, үнемі араласуға тырысатын, әкесімен көп уақыт өткізетін. Мадиярдың бір жаққа ұзақ кеткені есімде жоқ, табиғаты бойынша сабақтан үйге ғана барған сияқты. Тіпті Ораз оған «Мадияр, неге сыртқа шықпайсың, дискотекаға бар» десе, «Әке, бұл маған не үшін керек?». Мен жұмыста таңертеңнен кешке дейін боламын, үйге келгенде Мадик кешкі ас дайындап, бізді күтіп отырды. Жас жігітке басқаша әрекет тән болып көрінуі мүмкін, бірақ ол әрқашан өзінің жеке мінезімен ерекшеленді. Мадиярдың енді жоқ екеніне және оның сыныптастарыда сене алар емес. Ол қайтыс болғаннан кейін олар WhatsApp мессенджерінде 9 «В» тобын құрды. Оларды бұған итермелеген ортақ қайғы болатын. Бір қызығы, ол қайтыс болғанға дейін көптеген достары ол туралы түстер көрген, ал кейбіреулері онымен байланысты естеліктер естеріне түскен. Көпшілік мұндай кездейсоқтықтан аңырап қалды. 9 "В" сынып жетекшісі Светлана Кондратенко да оның шәкірті Мадияр Қайсаровтың жоқ екеніне сене алмайды. Ол Мадиярды сабырлы, жанжалсыз бала ретінде сипаттайды. Ол оған бесінші сыныптан бастап сабақ берді, бірақ бұл қарапайым баланың жүрегінде нағыз батыр екенін білмеді, деп қаяумен анасы еске алады.

Мектебін аяқтаған соң, Мадияр бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша Инновациялық технологиялар колледжіне оқуға түседі. Оқуында озат болып, дипломдық жобаны сәтті қорғады. Уақыт өте келе, Мадияр ел алдындағы борышын өтеуге шешім қабылдап, әскери шақырылымға құжаттарын жинай бастайды.  "Әке, менің барлық достарым қызмет етуге барды, сондықтан менде барамын, ал "азаматтық" борышын өтеп оралғанда, университетке түсемін " айтатын деп әкесі Оразалы еске алады.

 Мадияр бағдарламалық жасақтама инженері болғысы келетін, оған қоса алғашқы кейіпкер батырымыз Аманов Айбат тәріздес Мадияр да суретке деген бейімі болған екен. 

Қарағандылық қос батыр

Сөйтіп жүріп, 2021 жылғы 4 маусымда Қарағанды облысының Қорғаныс министірлігінен бозбала Ұлттық ұлан 5547 әскери бөліміне (Қызылорда қаласы) әскери бөліміне борышын өтеуге кетеді. Анасының айтуынша алғашқыда оған ыстыққа үйрену қиын болды, 40 градусқа жететін ауа-райына бейімделуге тура келді. Бірақ "табыс жаңа жағдайларға бейімделу жылдамдығына байланысты" деп бекер айтпаған. 2 айдан соң жас жауынгер курсынан өтіп, салтанатты жағдайда алғаш рет жауынгерлік қаруды қолына алып әскери ант қабылдады.

Оған әскери қызмет ұнады. Ол өз ісінің маманы болғандықтан, әскери бөлімде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс взводының арнайы өңдеу бөлімінде газсыздандырғыш қызметін атқарды. Әр демалыс күндері бізге қоңырау шалатын. Ол атыс алаңдарына қалай барғанын, жұмыстан босату кезінде қалаға қалай шыққанын, кейде өзінің шеберлігі мен білімінің арқасында оған әскери бөлімнің штабында компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенін айтты. Қызмет барысында еліміздің әр өңірінен шақырылған көптеген балалармен дос болды. Оны өздерінше "Мадикоша"деп атаған, дейді анасы Әсел.

Өмірді тануға құштарлы Мадияр, өзінің жоспарлары туралы інісі Абылайға, жиеніне жиі айтатын. Сондай-ақ, ол жүргізуші куәлігін алғысы келді, қызметіне дейін Мадияр автомектепте оқып жүрген, сөйтіп әскерге асығыс кетіп, оқу аяқағаны жайлы дипломы мен жүргізуші куәлігін де көрмей кетті. 

Университеттен кейін әкесімен мектепте жұмыс істеуді, бағдарламалауды үйретуді армандады. Ұжымына бас болып, ол мұғалімдерімен кез-келген нәрсені өте сауатты және түсіндіре білетін.

Мәдиктің бала кезінен өнерге жақындығы бар, гитарада ойнайтын, өзінің музыкалық аппаратурасы бар: миксер, колонка, кез келген адам қызғанатын. Ал Мадияр оқуға өте құмар еді, 17 жасында «А.М. Прохоровтың Советский энциклопедиялық сөздігін», көптеген көркем жанрдағы кітаптарды, сонымен қатар дұрыс сурет салу, "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзілік тарихы" бойынша кітаптарды ерекше сезіммен оқитын. 

Мадияр отбасымен соңғы рет 2022 жылы жаңа жыл қарсаңында сөйлесті, бізді құттықтады, барлық әзілдер айтты, маған: "Әке, мен қазір аяз атамын!", мен күліп, оған жауап бердім " ал, аташка, қызмет ет!». Ешқандай қиындықты болжағаным жоқ, адам теріс ой ойлана ма, содан кейін 5 қаңтарда күні маған 5547 әскери бөлімінің командирі қоңырау шалды, байланыс сеть дұрыс болмаған соң қоғырау үзіліп кете берді, сондықтан не туралы айтып жатқанын түсінбей, тек "КамАЗ"сөзді естідім. Содан кейін маған "Сіздің ұлыңыз өзінің қызметтік-жауынгерлік қызметін атқару барысында қаза тапты" деп анық дауыспен хабарлады, содан кейін аң-таң болып, үйге қалай жеткенім есімде жоқ, деп әкесі еске алады.

Бөлім командирі Мадиярдың Қызылорда қаласындағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындаған кезінде, бүлікшілер әскери қызметшілерге қарсы жүк көлігін жіберіп, Мадиярдың бауырларын итеріп жіберіп, өзі көліктің астына түсіп, өміріне сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болғаны жайлы естіртеді. Ұлының өз өмірінің аямай, әріптестерін құтқарып, өзгенің өмірі үшін өзінің жанын қиған ұлы бойынша әкесі Оразалы әр сөзінде, «Мен ұлымды мақтан тұтамын, оңай емес әрине, бірақ Мадиярым нағыз ержүректік танытып, ер азамат, елінің патриоты, жерінің патриоты сияқты өмірден кетті!» деп әр жиналған қауымның алдында мыстын басады. 

8 қаңтар күні Мадияр Қайсаров атасы жатқан Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі зиратқа әскери құрметпен жерленді. Соңғы сапарға шығарып салу үшін  артында қалған туыстары, депутаттар, билікте қызмет атқарушы өкілдері, "Орталық" өңірлік қолбасшылығы және Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің басқарма құрамы қатысты.

10 қаңтарда Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың отбасына  жауынгерлердің атымен – Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен және жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін - III дәрежелі "Айбын" ордені,  ІІМ орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан  «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» тес белгісі мен ерекше атақтың белгісі «Күрең кеудеше» табыс етілді.

Қос Қарағандылық батырлардың құрметіне қазіргі кезде Қарағанды қаласы мен ЖаңаАрқа ауылды мекенінің бас көшелерінде суреттері мен жасаған даңқтары жайлы ақпаратпен билбордтар орнатылып, оқыған мектептері мен колледждері, айналысқан спорт мектептері мен мұражайларда өмірде қолданған заттары мен  суреттері төрден орын алған.

Әрбіреуіміздің жадымызда батырларымыз мәңгі есте қалмақ... Өмірден аттанғандарды тірілту біздің қолымызда емес, бірақ олардың жасағанын есте қалдыру - біздің парызымыз!!!

Өзгелердің жаңалығы