Қарағандылық орманшылар қарағайларды кесіп алған адамды ұстады

30 Желтоқсан 2022, 18:35
707
Бөлісу:
Қарағандылық орманшылар қарағайларды кесіп алған адамды ұстады

Қарағандыда орманшылар үш жас қарағайды кесіп алған адамды ұстады. Енді құқық бұзушыға айыппұл салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік орман қорының аумағында 29 желтоқсанда (Тихоновкада) орман күзеті үш метрлік қарағайларды кесіп алған браконьерді ұстады.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Іс әкімшілік сотқа беріледі, – деп хабарлады Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Бұған дейін мемлекеттік орман қорының қала маңындағы учаскесінде ер адам қарағай бұтақтарын заңсыз дайындағаны үшін ұсталған болатын. Іс Теміртау полиция бөліміне берілді. 

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік қорға кіретін қылқан жапырақты ағаштардың орман екпелерін заңсыз кесу әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Егер залал 100 АЕК-ке дейін болса, онда 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 100 АЕК-тен жоғары-180 АЕК-ке дейінгі айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не мүлкі тәркіленіп, 45 тәулікке дейін қамауға алынады.

Өзгелердің жаңалығы