Қарағандылық кәсіпкер 253 млн теңгенің субсидияларын ұрлаған

7 Желтоқсан 2023, 12:32
1167
Бөлісу:
Қарағандылық кәсіпкер 253 млн теңгенің субсидияларын ұрлаған
Фото: Арман Мухатов - архив

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қаражат ауыл шаруашылығы субъектісінің күн батареяларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленді. 

Тергеу барысында анықталғандай, 2018-2020 жылдары күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш берген. Кейіннен соның негізінде оған қаражат төленген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы