Қарағандыға үш күннен соң жылу беріледі

27 Қыркүйек 2023, 19:23
837
Бөлісу:
Қарағандыға үш күннен соң жылу беріледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

30 қыркүйектен бастап Қарағандыда жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда жылыту маусымы 30 қыркүйекте басталады. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов Instagram парақшасында хабарлады.

Бейсенбіде ЖЭО-1 іске қоса бастаймыз, менің ойымша, бұл үшін екі күн жеткілікті болады. ЖЭО-3-те жабдық жылу беруге дайын. Ал сенбіде, 30 қыркүйекте біз жылытуды бастаймыз. Бірақ бұл бір күндік процесс емес, бірден батареялар ыстық болмайды. Қазір біздің желілер суық суға толы, жұма күні станцияларға 45–65 градус жылы су беруге тапсырыс береміз, – деп жазды қала басшысы.

Тұрғындар жылумен жабдықтау үшін үйлерді қосуға өтінімдер беріліп, ысырмалар ашылғаннан кейін ғана төлемдер есептелетін болады, деп толықтырды әкім. Ол ПИК, МИБ, ЖМ, ЖШС төрағаларын, үй бойынша аға қызметкерлерді жабдықтың техникалық жарамдылығын алдын ала тексеруге, ал сенбіде жылуды қабылдау үшін ысырмаларды ашу жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы