Қарағандыға қызыл су келді. Қала әкімі жағдай бақылауда екенін айтты

20 Наурыз 2024, 15:30
4406
Бөлісу:
Қарағандыға қызыл су келді. Қала әкімі жағдай бақылауда екенін айтты
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданындағы Қ.Тәттімбет пен С.Мұқанов көшелерінің қиылысында қызыл су жиналып, жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіруде, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Қ.Тәттімбет пен С.Мұқанов көшелеріндегі жолды алып кеткен қызыл су тұрғын үйлерге қауіп төндірмейді дейді қала әкімі Мейрам Қожухов. Шаһар басшысы оқиға орнына барып, жағдайды көзбен көргендігін әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті. М.Қожуховтың айтуынша, жағдай тұрақты, еріген қар суы суағар мен құдыққа жиналып жатыр.

Қарағандыға қызыл су келді. Қала әкімі жағдай бақылауда екенін айтты

Өзім осы жердемін. Тәтімбет пен Мұқанов көшелерінің қиылысында біз былтыр арнайы канал қазып, бетоннан суағар салғанбыз. Даладан келген қар суының біршама бөлігі осы суағарға ағуда, одан өтіп кеткен су қиылыстағы құдыққа ағып жатыр. Жағдай тұрақты, судың қарқыны қатты емес. Осы қиылыстан төмен тұрған үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ, - деді әкім Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, аталған қиылыста биыл толық жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл жердегі жанармай бекеті алынып тасталады, жолдың астына қар суын қабылдайтын толыққанды суағар салынады.

Өзгелердің жаңалығы