Қарағандыдағы көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерден шыққан.

 istockphoto.com 30 Тамыз 2026, 17:44
30 Тамыз 2026, 17:44
150
Фото: istockphoto.com

Қарағандыда Шахтерлер даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінен шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД хабарлады.

Өрт 10 қабатты ғимараттың тоғызыншы қабатындағы екі деңгейлі пәтерде болған. Үйдегі заттар мен жиһаздар өртенген.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқару жұмыстары барысында төрт адам баспалдақ арқылы ғимараттан эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның әрі қарай таралуына жол берілмеді. Өрт толық сөндірілді.

Наверх