Қарағандыдағы көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы екі отбасыға пәтер кілтін табыс етті

1 Маусым 2022, 15:30
1468
Бөлісу:
Қарағандыдағы көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы екі отбасыға пәтер кілтін табыс етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы балаларды қорғау күніне орай демеушілердің көмегімен екі отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі 80 балаға мереке ұйымдастырды.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Біздің орталық ерекше балаларды мерекеге шақырды. Онда аниматорлар шоу-бағдарламамен өнер көрсетті, аквагрим шеберлері болды. Біздің тұрақты демеушілеріміз тәттілер, балмұздақ, шарлар мен ойыншықтар ұсынды. Сондай-ақ, біздің орталыққа тұрғын үй беру мәселесі бойынша да адамдар жүгінеді. Барлығы 32 өтінім келіп түсті. Мерекеде екі көп балалы отбасыға пәтер кілттері табысталды, – деді «Шаңырақ» орталығының кеңесшісі Айша Сүлейменова.

35 жастағы Жәмилә Саботқа демеушілер Абайдан 2 бөлмелі пәтер сатып алды.

Мен өзім балалар үйінде тәрбиелендім. Әкесіз өскенмін. Анам ерте қайтыс болды. Осылайша жетімдер үйіне түстім. Мен төрт баламен жалғыз тұрамын. Ешкім көмектеспейді. Үлкен қызым жақында 18 жасқа толады. Ең кішкентайым бірде. Кенже қызымда қант диабеті бар, ол инсулинге тәуелді. Мен ұзақ уақыт бойы тұрғын үйді жалға алып келдім. Балаларыммен бірге қаладан қалаға көшіп жүрдім. «Шаңырақ» орталығына өтініш беруге бел будым. Бір айдан кейін маған тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті – олар Абайда екі бөлмелі пәтер берді. Балалар да, мен де өте бақыттымыз. Демеушілер мен «Шаңырақ» орталығына рахмет! – дейді Жәмила Сабот.

Сакиповтар отбасына үш бөлмелі пәтерді Asar-ume қоры ұсынды.

Біздің қор Қазақстанда 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде бүкіл ел бойынша 400-ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қарағанды облысында – сегіз отбасы. Балаларды қорғау күніне орай үш бөлмелі пәтердің кілтін біз «Шаңырақ» орталығының қамқорлығындағы отбасына табыстадық. Көп балалы отбасы осыған дейін баспана жалдап келген. Біз олар үшін Пришахтинскіден пәтер сатып алдық. Олардың бес баласы бар және жуырда алтыншысы дүниеге келеді, – деді Asar-ume қоры.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығында қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары мұнымен бітпейтінін атап өтті. Тұрғын үй сатып алуға көмек жалғасады, сондай-ақ азық-түлік жиынтықтары таратылады, Денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша тегін заң, психологиялық консультациялар өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы