Қарағандыдағы ірі сауда үйінде өрт болды

15 Қазан 2022, 18:53
1188
Бөлісу:
Қарағандыдағы ірі сауда үйінде өрт болды

Қарағандының сауда үйлерінің бірінде электр қалқаны өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ patriotkaragandy-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, сенбі, 15 қазан күні Қарағандыда "Алтын арба" ірі сауда үйінде электр қалқаны өртенді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін, 15 қазан күні сағат 12:15-те "Алтын Арба"сауда-фермерлік орталығының ғимаратында өрт туралы хабарлама келіп түсті. 10 шаршы метр алаңда 1-қабатта электр кабелі мен электр қалқанының  бөліктері жанып кетті. Өрт сағат 12:40 - та жойылды",-деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы