Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды

14 Сәуір 2022, 21:01
1554
Бөлісу:
Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жол шұңқырларын жөндеу басталды. Жұмыстар Абай көшесінде жүргізілді. Қазір Бұқар жырау даңғылы мен 49 бағыт бойынша ақаулар жойылуда.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада 62 жол учаскесі – 104,1 км жол кепілдік қызмет көрсетуде.

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды

"Тексеру барысында 10 кепілдік учаскесінде ескертпелер анықталды: Гоголь көшесі, Степной-1-2-3 шағын ауданындағы орамішілік жол, Попов, Қазақстан, Дүйсембеков, Рысқұлов, Ержанов, Бұқар жырау, Комиссаров даңғылдары және Саран тас жолы. Мердігер ұйымдар ақауларды жоюға кірісті, мамыр айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.

Кепілдік берілген жолдарды тексеру жалғасуда.

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 920 шақырымды құрайды, оның 560,4 шақырымы асфальтбетон жабынымен. Биыл 66 мың шаршы метр жолды ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды

Жабынның жоғарғы қабатын ауыстырумен орташа жөндеу 24 учаскеде немесе 26,2 шақырым жолда жүргізіледі. Бүгінде Сеченов көшесінде жөндеу жұмыстары басталды, қалғандары бойынша дайындық шаралары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы